Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрбанк "Кредиттік демалыс" акциясын ұсынады: кредитті қайта қаржыландырған клиенттер алғашқы екі айда төлем жасамайды

Нұрбанк
Фото: Нұрбанк

Нұрбанк сыртқы қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша кепілзатсыз кредит рәсімдейтін клиенттерге арналған "Кредиттік демалыс" акциясын іске қосады. Акция аясында қарыз алушылар кредит рәсімделгеннен кейінгі алғашқы екі ай ішінде ай сайынғы төлемдерді төлемеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл отбасылық бюджетке түсетін қаржылық жүктемені азайтуға және уақытша босайтын қаражатты басқа маңызды шығыстарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халыққа берілген кредиттердің көлемі 26,663 трлн теңгеге жетті. Тұтынушылық кредитке сұраныс жоғары болған жағдайда қарыз алушылардың өз міндеттемелерін тиімді басқаруына көмектесетін қаржы құралдарының маңызы арта түседі. Осындай шешімдердің бірі – кредиттерді қайта қаржыландыру. Қайта қаржыландыру бірнеше қолданыстағы қарызды бір кредитке біріктіруге, кредиттеу шарттарын қайта қарауға және берешекті өтеудің неғұрлым қолайлы кестесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа кредиттің шарттарына байланысты қарыз алушы ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға, кредиттеу мерзімін өзгертуге және жеке қаржысын басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік алады.

Нұрбанктің жаңа акциясы қайта қаржыландыруды одан әрі қолайлы етеді. "Сыртқы қайта қаржыландыру" бағдарламасы бойынша кепілзатсыз кредит рәсімдейтін клиенттерге екі айлық кредиттік демалыс беріледі. Алғашқы екі ай ішінде қарыз алушыдан өтеу кестесінде көзделген ай сайынғы төлемдерді енгізу талап етілмейді.

Акция талаптары сақталған жағдайда, көрсетілген кезеңде төлемдердің болмауы мерзімі өткен берешек болып есептелмейді, айыппұлдар мен өсімпұлдардың есептелуіне әкеп соқпайды және қарыз алушының кредиттік тарихына теріс әсер етпейді. Акция аясында клиенттер қайта қаржыландыру рәсімделгеннен кейінгі алғашқы айларда қаржылық мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бұл кезеңде отбасылық бюджетті жаңа кредиттік міндеттемелерге бейімдеу аса маңызды.

Кепілзатсыз кредиттерді сыртқы қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында банк 500 мың теңгеден 7 млн теңгеге дейінгі сомада 12 айдан 60 айға дейінгі мерзімге қаржыландыру ұсынады. Клиенттер басқа банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қолданыстағы кредиттерін қайта қаржыландырып, бірнеше міндеттемені бір кредитке біріктіре алады. Қажет болған жағдайда және банк тиісті шешім қабылдаған кезде қосымша қаржыландыру сомасын алу мүмкіндігі де қарастырылған.

"Қайта қаржыландыру – бұл қолданыстағы кредиттерді бір кредитке біріктіріп, қаржылық міндеттемелерді басқаруды жеңілдетіп қана қоймай, отбасылық бюджетке түсетін жүктемені қайта қарауға да мүмкіндік береді. Жаңа кредит алғаннан кейінгі алғашқы айларда қарыз алушылар үшін қаржылық мүмкіндіктерін еркін жоспарлай алу маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан “Кредиттік демалыс” акциясы аясында клиенттерге екі ай бойы ай сайынғы төлемдерді төлемеуді ұсынамыз. Бұл – шығыстарды жоспарлауға және отбасылық бюджетті берешекті өтеудің жаңа кестесіне бейімдеуге пайдалануға болатын қосымша уақыт", – деп атап өтті Нұрбанктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Алексей Мажуга.

"Кредиттік демалыс" акциясы, қайта қаржыландыру шарттары және өтінім беру тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Нұрбанктің бөлімшелерінен немесе www.nurbank.kz ресми сайтынан алуға болады.

17.08.2026 жылы ҚНРДА берген № 1.1.849.146 Банктік және басқа операцияларды жүзеге асыруға лицензия (Әмбебап банктік лицензия). 
Жарнама құқығында

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 26 Қараша, 2026 14:55