Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оң болсын, жарықтарым!" Әнші Тамара Асар болашақ келінін көрсетті

Тамара Асар
Фото: Instagram.com/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Оның ұлы Қамбар сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші жас жұптың бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, ұлы мен болашақ келініне ақ тілегін арнады.

Суретте Қамбар мен қалыңдығы қатар тұр. Бойжеткен бір қолына үлкен гүл шоғын ұстап алған. Екінші қолының саусағындағы жүзік те кадрдан көрінеді.

“Алла бұйыртса. Оң болсын, жарықтарым!” – деп жазды Тамара Асар.

Әншінің оқырмандары да отбасының қуанышына ортақтасты.

Бірі Тамара Асарды “Келініңіз құтты болсын!” деп құттықтаса, енді бірі шаңырақ көтеруге ниеттенген жас жұпқа бақыт тіледі.

“Қосай атамыздың ұрпағы көбейе берсін! Бастама құтты болсын! Тіл көзден аман сақтасын”, – деп жазды оқырмандардың бірі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниалдың үйлену тойын дүркіретіп өткізгені хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Қараша, 2026 15:30