AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымен жастардың өз өзіне қол жұмсауының себебін түсінуіміз керек": Қорғаныс министрі жас сарбаздардың өліміне әскердің кінәлі емес екенін айтты

ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас сарбаздардың өліміне әскердің кінәлі емес екенін айтып, ең алдымен жастардың неліктен өз өзіне қол жұмсайтынының себебін білу қажет деді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз ең алдымен жастардың өз өзіне қол жұмсауының себебін түсінуіміз керек. Мұндай жағдайға тек әскер ғана кінәлі болмайды. Ол әскерге барғаннан кейін оның өмірі үшін жауапкершілік командирдің мойнында болатыны түсінікті, бірақ адам әскер қатарына жетілген күйде, азаматтық қоғамның арасынан шығып, өз мәселелерімен бірге келді", - деді Жақсылықов мәжіліс алаңында журналистердің сұрағына жауап беріп тұрып.

Қорғаныс министрі әскердің басты міндеті – өзінің қиындығымен келген адамның мәселелерін теңестіру екенін атап өтті.

Қазақстан әскеріндегі қайғылы оқиғалар

Осы жылы Қазақстан әскерінде отан алдындағы борышын өтеу үшін келген жас сарбаздардың өлімі күрт көбейіп кетті.

23 сәуір күні Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге келген маңғыстаулық 18 жастағы Әлібек Қалбай әскерге аттанған кейін, арада 5 күн өткен соң қайтыс болған. Қорғаныс министрлігінде жедел қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай Саламатұлы 22 сәуірде қалалық үлгідегі Гвардейск кентіндегі әскери госпитальда қаза болғанын хабарлады. Олар жас сарбаздың таңғы жасақтау кезінде есін жоғалтып, алғашқы медициналық көмектің көрсетілгеніне қарамастан жүріп кеткенін айтқан.

Кейіннен бас прокуратура Әлібектің өліміне кінәлі деген күдікпен сарбаздың әскерге бірге шақырылған әріптесін ұстағанын хабарлады.

Алайда Әлібектің туыстары жауаптылардың жауабына сенбейді. Жас сарбаздың әдейі соққыдан қайтыс болғанына сенімді олар, әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жазаланғанын қалайды.



27 мамыр күні Жамбыл облысында тағы бір жас сарбаз Ұлықбек Бердішев әскери борышын өтеп жүріп, қаза тапты. Әскери бөлімшеге барғанына небәрі 11 күн болған Ұлықбек аяқ асты жоғалып кетіп, кейіннен денесі табылған. 19 жастағы жігіт жартаста өз белдігіне асулы күйінде 39 күннен кейін табылды. 

Ресми нұсқа бойынша, курсанттың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Денесіне жарақат ізі болмағаны да хабарланған. Ал Ұлықбектің анасы Орынкүл баласы өзіне-өзі қол салды дегенге сенбейді. Бұған біреулердің қатысы болуы мүмкін дейді.

Ұлықбектің денесі Қырғызстан шекарасынан табылған. 6 маусым күні сараптама нәтижесі белгілі болып, онда жас сарбаздың қанынан спирт пен есірткінің табылғаны айтылған. Алайда ата-анасы ұлдарының тіпті темекі де шекпейтінін айтып, мұның артында шикілік бар екеніне сенімді.

4 маусым күні Маңғыстауда шекарашы сарбаздың мәйіті табылды. 19 жастағы сарбаздың денесі таңертеңгі уақытта анықталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз өзіне қол жұмсаған.

Жас сарбаздың өлімі туралы алғаш хабарлаған Азамат Сәрсенбаев 2003 жылы туған сарбаздың Түркістан облысының тумасы екенін айтқан. 

Кейін ақпарат беттерінде жас сарбаздың өз өзіне қол жұмсамас бұрын (болжамды) жазып қалдырған хаттары жарияланды. Онда сарбаз өзінің өмірден қиналғаны туралы және өліміне ешкімді кінәламау қажеттігін жазған. Алайда марқұмның анасы бұл хаттардың шындыққа жанаспайтынын айтып, әділдік іздеп, президенттен көмек сұрайды.

Қазақстан әскеріндегі қайғылы оқиғалардың көбейіп кетуіне байланысты, президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берді.

Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырған.

Бұдан кейін келеңсіз жағдайларға жол берген офицерлер жазаланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр