AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда көз жұмған сарбаздың анасы үндеу жасап, президенттің қабылдауын сұрады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтемек болған Түркістандық сарбаздың өліміне байланысты анасы үндеу жолдап, шындықтың ашылуын талап етті және президенттің қабылдауын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның анасы бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған. Ол ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Оның осындай әрекетке баруына біреулердің итермелегенін айтады. Қазір анасы бұл істің жан-жақты тексерілуін талап етіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына баруды сұрап отыр.

“Әскерге сау кеткен балаларымыз неге өлі қайтып жатыр? Қазақстандық жас балаларды қырып бітетін болды ғой! Балаларыңды әскерге жібермеңдер! Керек болса, бұлай бола беретін болса, әскерге сарбазды өзге елден шақырсын. Екі күн күттірмей, денесін кеспей әкеліп берсін! Балам хатта ақшадан қиналдым, сол үшін қол жұмсадым деп жазған. Әскерде жетпей жатқан қандай ақша? Егер қамтамасыз ете алмасаңдар, неге әкетесіңдер? Енді соңында өзінің ауруы бар екен деп жатыр. Ауруы бар болса, басында әскерге неге алды? Бұл істі жауапсыз қалдырмаймыз! Президент мырза, балам өлді деген хабар алдық. Ақшадан қиналдым деген хатын да алдық. Қабылдауыңызды сұраймын”, – деді марқұмның анасы үндеуінде. 

 



Еске салсақ Маңғыстау облысындағы Бейнеу шекара бекетінде 19 жастағы әскери қызметшінің мәйіті табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

 

 

 

@feya_kanatovna

қайын інім армияға кетіп,қайта оралмады 🥲🥲😔😔😔

♬ оригинальный звук - user1755915844176
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр