AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлымыздың өлі-тірі екенін білмейміз": Жамбыл облысында көз жұмған сарбаздың өліміне күдікті ретінде ұсталған жігіттің отбасы аштық жариялады

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі сарбаздың өліміне күдікті ретінде ұсталған Айболат Аманжоловтың туыстары аштық жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Айболат Аманжолов қамауға алынғаннан кейін ата-анасы онымен кездесе алмаған.

Ата-анасы алты баласын ертіп Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті алдына жиналды. Олардың айтуынша, ұлдарын ешкімге айтпастан Қордай аудандық полиция бөлімінен Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстырып жіберген.

"Ұлымды ешкімге айтпастан Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстырып жіберген. Тіпті қорғаушысы да білмеген. Енді ұлымыздың өлі-тірі екенін білмейміз. Қысым жасалып жатқан болар, оны да білмей отырмыз. Заңды өкілдерімен кездестермесе, демек, бұл істе бір гәп бар!" – дейді сарбаздың анасы Айнұр Төлемісова көзіне жас алып.

Айнұр Төлемісованың айтуынша, ұлымен бірге әскерге барғандар ант қабылдап, қазір әскери борыштарын өтеуге кіріскен.

Сарбаздың анасы Айболаттың қасындағы сарбаздар оның жазықсыз екенін айтқанымен, енді куәгерлік сөздерін өзгертуі мүмкін деп қорқып отыр.

"Олар ант қабылдағаннан кейін басшылық тарапынан қысым болуы мүмкін. Ұлым тергеу изоляторында отыр. Қасына бұрын қылмыс істеп, 10 жыл түрмеге отырып шыққан адамды отырғызған. Ол ұлыма қылмысты мойнына алуға кеңес берген. Демек, ол да әскери тергеушілердің адамдары", - дейді ана.

Сарбаздың аштық жариялаған ата-анасы, зейнетке шыққан әжесі мен бауырлары Айболатты Атырауға алып келмейінше, департаменттің алдынан кетпейтінін айтты.

"Қылмыстық іс туралы жақ ашпай отыр. Ұлым әлі әскери адам емес. Демек, оны Атыраудағы тергеу изоляторына ауыстыруға болады. Оны алып келсе ғана, аштықты тоқтатамыз", - дейді Айнұр Төлемісова.

Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ержан Жұмановтың айтуынша, Айболат Аманжолов барлық медициналық, психологиялық сынақтардан сәтті өткен.

"Бізден оның жеке ісін сұратты. Қолымызда бар құжатты жібердік. Ол медициналық, психологиялық сынақтардан жақсы өтті. Полиция есебінде тұрмаған. Қазір іс тергеліп жатыр", - деді Ержан Жұманов.

Белсенді Лунара Максутованың айтуынша, бұл істе үш күдікті бар. Бірақ Ержан Жұманов ол туралы білмейтінін айтты, ал сарбаздың отбасы бұл ақпаратты растап отыр. Аштық жалғасып жатыр. 



Айболат Аманжолов – отбасындағы жеті баланың ең үлкені. Ең кіші інісі 1,5 жаста. Айболат Атырау бизнес және заң колледжінде білім ала жүріп, даяшы, кейін мейрамханада күзетші болып жұмыс істеген. Туыстары Айболат Маңғыстау облысы бойынша әскерге шақыру жөніндегі комиссиядан алғаш рет өткенде көзінің нашар көруіне байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғанын айтады. Алайда артынша 3 миллион теңге айыппұл саламыз деп қорқытып, жұмысынан алып кеткен. Әскерге кеткен атыраулық жігіт осылайша Жамбыл облысынан бір-ақ шығады.

Еске сала кетейік, Айболат қайтыс болған сарбазбен бірге 13 сәуірде әскери қызметін бастаған. Алайда олар әскери ант қабылдап та үлгермеді. Қайғылы оқиға 22 сәуір күні таңертең болған. Қатардағы сарбаз Әлібек Қалбай ішкі жасақ кезінде есінен танып құлап қалған. Алайда Отар ауылындағы Гвардия әскери қалашығының әскери госпиталіне жеткізілгенімен, Әлібек Қалбай есін жимастан көз жұмды. Кейін сот-медициналық сарапшылар оның басының артқы жағының, оң жақ сан аймағының, бауыры мен оң бүйрегінің ісіп кеткенін анықтады.

Осы оқиғаға қатысты Атыраудан әскерге жаңа шақырылған күдікті Айболат Аманжолов ұсталды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабы 4-бөлігі бойынша ("Әскери қызметшілер арасындағы адам өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу") тергеліп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр