Ердоған Қазақстаның үстінен ұшып бара жатып, Тоқаевқа жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың мәліметінше, Ердоған жеделхатты әуеде, Қазақстан аумағы ұшып бара жатқан кезде жолдаған.
“Корея Республикасына ресми сапармен бағыт алған мен тарихи атамекеніміз – достас әрі бауырлас Қазақстан аумағымен ұшып барамын. Биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарымның, сондай-ақ Сіздің жақында ғана Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға келген сапарыңыздың табысты нәтижелері мен жылы сәттерін ықыласпен еске алдым. Осы орайда, Сіздің деніңізге саулық, көңіліңізге қуаныш, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемімді жолдағым келеді”, – делінген Түркия президентінің жеделхатында.
Тоқаев жеделхатқа Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жауап берді.

Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысу үшін Анкара қаласына ресми сапармен барған қазақ делегациясын жылы қарсы алған Түркия президентіне алғыс айтты.
“Режеп Тайип Ердоған мырзаға Анкарада көрсеткен ілтипаты мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін”, – деп жазды Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен барғанын жазған едік. Ресми сапар барысында Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасының болашағын талқылады. Артынша Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысты.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді