Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Ердоған мен Тоқаев қол алысып тұр
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды.

Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

сап түзеген әскер
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен барды.

28-30 қазан күндері Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

қазақстан түркия тулары
Фото: akorda.kz

Еске салсақ осыған дейін, Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысатынын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026 20:15