Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, 28-30 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады.
"Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Тоқаев Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтыны туралы жазған едік. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"