Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды: Қашан және қайдан көруге болады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше, іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны туралы жазған едік. Бұл туралы мемлекет басшысы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде айтты. 

Артынша мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын жазды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Қазан, 2026 18:16