Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
“28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын”, – деп жазды Тоқаев.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны туралы жазған едік. Бұл туралы мемлекет басшысы Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде айтты.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"