Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл барлық елге пайдалы": Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды

Ресейді Түркі мемлекеттер достастығына қосу
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ретінде қосылуға шақырды. Мемлекет басшысының пікірінше, Ресейдің ұйым жұмысына қатысуы барлық мүше елге тиімді болмақ. Ол бұл ұсынысты ұйымның 13-саммитінде көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президенттің айтуынша, Ресей – ірі мемлекет әрі түркі әлемімен ғасырлар бойы тығыз байланыста келе жатқан ел. Оның аумағында көптеген түркі халықтарының өкілдері тарихи тұрғыда өмір сүріп келеді.

"Қазір Ресей “Алтай – түркі өркениетінің бесігі” жобасын жүзеге асырып жатыр. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды. Орыс тілінде де түркі тілдерінен енген сөздер аз емес. Жалпы, Ресей түркі мемлекеттерінің, яғни біздің ұйымның бір бөлігіне айналса, бұл барлық елге пайдалы болар еді", – деді президент.

Биыл Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен арадағы тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 10 миллиард долларға жуықтаған.

Бұдан бөлек, Тоқаев ұйымның 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетіп, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануға шақырды.

Еске салсақ, Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің ашылу рәсіміне барған еді. Мемлекет басшысын Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 30 Қазан, 2026 14:42