Тәуелсіз журналист Махамбет Әбжан тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды
Сарыарқа ауданының №2 соты тәуелсіз журналист, блогер Махамбет Әбжанды тоғыз жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны 2022 жылдың 3 шілдесінде ұстады.
"Сот Әбжан Махамбет Мұратбекұлын тоғыз жылға бас бостандығынан айырды", — деді судья Айжан Құлбаева.
1 ақпанда прокурор аса ірі мөлшерде бопсалау туралы бап бойынша төтенше қауіпсіздік колониясында Әбжан үшін 11 жыл жаза ретінде сұраған еді.
2022 жылдың 3 шілдесінде Әбжан 50 млн теңге алған. Бопсалау туралы өтінішпен кәсіпкер Рашид Махат полицияға жүгінді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?