50 миллион теңге алған: Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды (видео)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласында журналист Махамбет Абжанды ұстады. Агенттік мәліметінше, журналист кәсіпкерлерден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті", – делінген ақпаратта.
3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде азамат Махамбет Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"М.Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", – деді агенттіктегілер.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады