Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқушылар Тұңғыш Президент күнінде флешмоб ұйымдастырды

Шымкентте оқушылар Тұңғыш Президент күнінде флешмоб ұйымдастырды.

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.

Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытында оқитын оқушылар Тұңғыш Президент күнінің құрметіне «Мемлекет басшысы Қазақстан туын асқақтатты» атауымен флешмоб ұйымдастырды. Акцияға 300-ден астам оқушы қатысты. Ал флешмоб дайындығы бір ай бұрын басталған екен. Оқушылар Тұңғыш Президенттің өмір жолы, рухани жаңғыру, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан болашағы туралы көзқарастары жөнінде сөз етті.

ҚР Тұңғыш Президенті күні 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап аталып өтуде. Содан бері бұл күн жай ғана  мейрам емес, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен мемлекет жетістіктерін насихаттауға арналған күн ретінде қалыптасып кетті.

«Жастардың Отанға деген патриоттық сезімін ояту үшін осындай флешмоб ұйымдастырдық. Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналып кетті деуге болады. Жыл сайын өткізіп отырамыз», – дейді «Көрме» әдіскері Азамат Айтпаев.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында әскери қалашық салынды

Астанада 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қойды

Шетелдік күйеуі қазақстандық әйелден екі баласын тартып алған

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Талқылау