Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында әскери қалашық салынды

Бүгін Қордай шекара отрядының жаңа әскери қалашығы салтанатты түрде ашылды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚҰ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылысы 3 жылға созылған қалашықта 40 қызметтік ғимарат, асхана және сарбаздарға арналған казармалар бой көтерді. Тіпті фильм көруге арналған 350 орындық үлкен акт залы, шекара отрядының жауынгерлік даңқ мұражайы, кітапхана, түрлі жарыстар өткізуге арналған жеке спорт кешені және басқа да әлеуметтік нысандар бар.

Яғни шекарашылардың ел шебінде аянбай қызмет етуіне қажетті жағдай жасалған. Салтанатты шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қатысты. Кәрім Мәсімов елімізде Президенттің тапсырмасымен жаңа бөлімшелердің тұрғын үй кешендері салынып, соңғы үлгідегі қару-жарақтар мен техникалар сатып алынып жатқанын тілге тиек етті.

Бұл шаралар шекара қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал етпек. Сондай-ақ мереке қарсаңында 300-ден аса офицер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилерге пәтер мен жатақхана кілттері табысталды.

«Осы іс шараға қатысқан бүкіл әскери қызметшілер және жанұя мүшелері Елбасы жоғарғы қолбасшымыз Н.Назарбаевқа алғыс айтады. Өйткені осындай жағдайда алаңдамай, бүкіл әскер қызметшілер осы ауыр және қауіпті аумақта, әсіресе Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан шекарасы аумағында атқарып жүрген еңбегі зор», – дейді «Оңтүстік» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары Әбусахит Төлегенов.

Оқи отырыңыз:

Астанада 1 желтоқсанда дүниеге келген нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қойды

Шетелдік күйеуі қазақстандық әйелден екі баласын тартып алған

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығарда не білу қажет

Талқылау