Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жасар оқушыны іздеп тапты, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп Stan.kz.

Облыстық департаменттің мәліметі бойынша, 14 қараша күні Ескелді ауданының полициясына Бақтыбай ауылының ерлі-зайыптысы жүгінген. Олар қыздарының жоғалып кеткенін айтқан екен.

Белгілі болғандай, оқушы 12 қараша күні ата-анасымен бірге Талдықорғанға барған кезде жоғалып кеткен. Қыздың әке-шешесінің айтуынша, қыздары үйден қашып кетуді әдетке айналдырған. Бұдан мектеп мұғалімдері мен ювеналды полиция қызметкерлері де хабардар болыпты.

Ескелді ауданының полиция қызметкерлері облыс орталығындағы әріптестерімен бірлесе отырып ауқымды іздеу шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде 28 қарашадан 29-на қараған түні оқушы қызды тауып алған. Ол Талдықорғандағы ойын-сауық орталықтарының бірінен табылыпты.

«Қыз осы уақытқа дейін құрбыларының үйінде болғанын айтты. Ол жақын арада ата-анасының қасына қайтып оралуды ойламаған. Мектеп оқушысы Ескелді АІІБ-ге жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Оқушы қызбен кезекті рет профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқи отырыңыз:

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шығарда не білу қажет

Есірткі шегіп алып, адам қағып өлтірген: Қостанайда жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Қарағандыда қаптаған ойын автоматтары трактормен тапталып жойылды

Бүгін елімізде Тұңғыш президент күні тойланып жатыр

Талқылау