Шетелдік маркетплейстерден келетін тауарларға қатысты жаңа ереже: Не өзгереді

2026 жылдың екінші жартысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, пилоттық жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Экспериментке "Қазпошта" АҚ, "DHL International Kazakhstan" ЖШС және жеке тұлғаларға тауар жеткізетін басқа да операторлар қатысқан. Осы уақытқа дейін жеке тұлғалардың халықаралық сәлемдемелерді алуында қандай да бір қиындықтар тіркелмеген.
Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса, бұрынғы тәртіп сақталады:
- кедендік баж бен салық төлеудің қажеті жоқ;
- сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі;
- кеден органдарына өз бетінше жүгін қажет болмайды;
- сатып алушының атынан декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді.
Жеке тұлғалардың шетелдік маркетплейстерден сатып алатын тауарлар "электрондық сауда тауарлары" деген жеке санатқа енгізіледі.
Олар "электрондық сауда тауарларына арналған декларация" енгізіледі. Бұл декларацияда әртүрлі жеке тұлғаларға тиесілі 999 тауар туралы мәлімет көрсетуге болады. Құжатты кеден органдарына сатып алушылардың атынан электрондық сауда операторлары ұсынады. Бұл – кеден саласындағы жаңа институт.
Халықаралық сәлемдемені алу кезінде азаматтардан беру пункті талап ететін құжаттар ғана сұралады. Ол жеке куәлік, трек-нөмір, QR-код және басқа да қажетті мәліметтер.
Сонымен қатар, тауардың салмағына қатысты 31 келілік шектеу алынып тасталады. Ал бажсыз әкелу лимиті бұрынғыдай 200 еуро деңгейінде сақталады.
Өзгерістер негізінен қымбат тауарларға қатысты болады. Егер тауар құны 200 еуродан асса, жеңіл автомобильдерді қоспағанда тауар құнының 5 пайызы мөлшерінде кедендік баж, 16 пайыз көлемінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.
Мысалы:
- 250 еуро тұратын тауар үшін – 12,5 еуро (шамамен 7 мың теңге) көлемінде кедендік баж және ҚҚС;
- 500 еуро тұратын тауар үшін – 25 еуро (шамамен 14 мың теңге) көлемінде кедендік баж және ҚҚС төленеді.
Салыстыру үшін айта кетсек, қазіргі уақытта мұндай тауарларға бажсыз лимиттен асқан сомаға 15 пайыздық бірыңғай төлем (оның ішінде ҚҚС) қолданылады.
Жаңа өзгерістер ЕАЭО аумағында орналасқан және Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-платформалар арқылы сатылатын тауарларға әсер етпейді.
Егер кеден органдары тауардың құнын тапсырыста көрсетілген бағадан өзгеше деп анықтаса, оның құны валюта бағамы негізінде қайта есептеледі. Құнды есептеуде қателік анықталған жағдайда, азамат кеден органына жүгінуі тиіс.
Жалпы алғанда, қымбат тауарларға тапсырыс беретін азаматтар үшін кедендік төлем мөлшері артады. Ал жеке пайдалану үшін құны 200 еуродан аспайтын тауарларды сатып алатындардың басым бөлігі үшін сатып алу және сәлемдемені алу тәртібі өзгеріссіз қалады.
Еске салсақ, осыған дейін мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік маркетплейстерден тауар сатып алудың жаңа ережелеріне қатысты маңызды түсініктеме берген еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз