Семейде досын 15 рет пышақтады деп айыпталған баланың анасы ұлының қорғанғанын айтты
Семейде сыныптасын пышақпен 15 рет ұрған оқушының жақындары мәлімдеме жасады. Ата-анасы полициядан істі жан-жақты тексеруді сұрап отыр. Олардың оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар. Олардың айтуынша, ұлы өзін қорғауға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарақат алған баланың анасы оқиғаны неден басталғанын баяндап, өз шындығын айтты.
“Бірінші Омар бастады. Ол баламды пышақпен жаралаған. Бәлкім, балам қорыққаннан не істеп жатқанын өзі де түсінбей қалған шығар. Өзін қорғау үшін пышақпен ұра бастаған. Яғни бірінші Омар бастады, баламды пышақпен жаралады. Содан кейін бәрі осылай болды. Бірақ, меніңше, екеуі де кінәлі: Омар да, Дәулет те. Балам кінәсіз деп отырған жоқпын. Оны мен де кінәлі деп есептеймін”, – дейді баланың анасы Назигүл Жұмабекова.
Оқиға мектептен кейін болған. 13 жастағы екі жасөспірім ойын кезінде бір нәрсеге келіспей қалып, төбелескен. Сол сәтте олардың бірі өздері тауып алған пышақты бір-біріне сілтеген. Одан кейін не болғанын тергеушілер анықтап жатыр.
Екі оқушы да пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Назигүл Жұмабекованың ұлының жарақаттары тігілiп, медициналық көмек көрсетілген. Қазір ол үйінде. Ал екінші бала ауруханада жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Екі отбасы да істің жан-жақты әрі мұқият тергелуін талап етіп отыр.
Бұған дейін Семейде жанжалдан кейін оқушыны 15 рет пышақтап кеткені туралы жазған едік. Ауыр жарақат пен қансырап тұрғанына қарамастан, зардап шеккен бала өздігінен жақын маңдағы үйге барып, көмек сұраған. Нәтижесінде ауруханаға жеткізіліп, төрт сағатқа созылған операция жасалған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты