Қызылорда облысында жемқорлық жасаған сот төрағасы мен судья сотталды
Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты үкім шықты. Олар биыл қаңтарда ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйекте сот екеуін де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырған.
Іс материалдарына сәйкес, сот төрағасы мен судьясын ҰҚК қызметкерлері биыл қаңтарда ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұстаған. Екі сот қызметкеріне де Қылмыстық кодекстің пара алуға қатысты баптары бойынша айып тағылды.
ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
