Қазақстанда ескі телефондарға сұраныс күрт артқан: Сарапшы қолданылған құрылғыларды сату кезінде мұқият болуға шақырды

Қазақстанда ескі телефондарға сұраныс артқан. Қазақстандықтар барлық модельдегі телефондарға, тіпті сынған және жұмыс істемейтін құрылғылар да сатып алынып жатқанына таңдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы кездері Қазақстанның кейбір қалаларының көшелерінде дауыс зорайтқыштармен азаматтарды сынған және жұмыс істемейтін ұялы телефондарын сатуға шақыратын жеңіл көліктер пайда болған. Жөндеу шеберханалары да ескі телефондарды сатып алатыны туралы хабарландыруларға толы. Сатып алушылардың өздері тек құрылғылардың аналық платасы мен жад бөлігі ғана маңызды екенін айтады.
13 жылдан бері техника жөндеумен айналысатын Жақсылық Мұсатаевтың айтуынша, пайдаланылған құрылғылар нарығы екі бағытқа бөлінеді. Кейбіреу ескі телефондарды олардан алтын бөлшектерін алу үшін сатып алатын көрінеді. Бірақ бұл үшін жиналатын техника көлемі бірнеше тонна болуы тиіс. Екіншілері микросхемалар мен жұмыс істейтін аналық платаларға қызығады, себебі қазіргі уақытта телефондарға қосалқы бөлшектерді табу өте қиын әрі қымбат. Екі тарап та тауар үшін мардымсыз ақша төлейді – 500-ден 10 мың теңгеге дейін.
"Яғни, біреуден пайдаланылған телефонды сатып алғанда оның жұмыс істейтіні немесе істемейтіні маңызды емес. Олар оны тек бөлшектері, микросхемалары үшін алады. Кейін оны нарыққа шығарып, басқа шеберлерге сатады немесе телефонды қайта қалпына келтіріп (рефреш), қайта сату үшін жинайды. Рефреш телефондар – бұл Қытайда ескі телефондардың бөлшектерінен құрастырылып, кейін қайта сатылатын құрылғылар", – дейді телефон жөндеу шебері, инженер-бағдарламашы Жақсылық Мұсатаев.
Жергілікті шеберлер де халықтан телефондарды бөлшек ретінде алып, оларды жаңа құрылғыларды жөндеуде пайдалану үшін сатып алады.
ОқыңызАлайда ескі және жұмыс істемейтін телефонынды сату кезінде алаяқтарға тап болу қаупі де бар. Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолиннің айтуынша, телефонның жадын дұрыс тазаламай сату – бұл төлқұжат пен пәтер кілтін қоқысқа тастаумен бірдей.
"Смартфон – жай ғана құрылғы емес, ол сіздің цифрлық сейфіңіз іспетті. Онда ақшаға, құжаттарға және жеке деректерге қол жеткізу мүмкіндігі сақталады. "Зауыттық баптауларға қайтару" батырмасын басу барлық деректерді толық өшіреді деп ойлау – үлкен қателік. Бұл тек толық тазартылғандай әсер береді. Шын мәнінде, жүйе деректерді өшірілген деп белгілейді, бірақ олар құрылғының жадында физикалық түрде сақталып қалады", – дейді QAZTECH ақпараттық қауіпсіздік альянсы комитетінің тең төрағасы Евгений Питолин.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін телефонды сатпас бұрын барлық аккаунттардан шығып, құпиясөздерді өшіру өте маңызды. Маңызды деректер мен құжаттардың резервтік көшірмесін компьютерге немесе жеке кабинетке сақтау қажет. Сондай-ақ, жаңа иесі құрылғы бұғатталып қалмауы үшін жеке кабинетте телефонды қосылған құрылғылар тізімінен алып тастау, "Құрылғыны табу" функциясын өшіру керек. Тек осы әрекеттерден кейін ғана зауыттық баптауларға қайтару (сброс) жасау ұсынылады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар шетелден әкелінген телефондардың жаппай бұғатталуына шағымданғаны туралы жазған едік.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды