Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда “бала тууы төмендеді” деп жалғыз перзентхананы жабайын деп жатыр

Петропавлдағы жалғыз перзентхана жабылмақ. Ал ондағы жүкті әйелдер облыстық перинаталдық орталыққа ауыстырылады. Алайда бұл бастамаға ондаған жоғары санаттағы тәжірибелі мамандар қарсылық білдіріп отыр. Жұмыссыз қалатын болдық деген қызметкерлер жалғыз перзентхананы жабуға негіз жоқ еді дейді.

Перзентхана

Ал жауаптылар, шығынға батырып жатқан мекемені ұстап тұра алмайтындарын айтады. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Екі баласын да осында дүниеге әкелген Мария Кунау перзентхананың жабылуына үзілді-кесілді қарсымын деген аналардың бірі. Мамырдан бастап бұл мекеме жұмысын тоқтатады дегенді естіген ол, сапалы қызмет көрсететін орынды жабуға түрткі болған жағдайды түсінбеймін,-  дейді.

«Перзентханада өте керемет жағдайлар жасалған. Тіпті облыстық перинаталық орталықтан да мұнда аналарға жақсы қарайды. Не үшін жауып жатқанын түсінбеймін»,-дейді тұрғын Мария Кунау.

Ал қаладағы жалғыз перзентхананы жауып, жүкті әйелдерді облыстық перинаталдық орталыққа ауыстырғанына әсіресе мамандар қарсылық білдіруде. Алдымен, көшіру үрдісі басталса да, перзентханада жылдар бойы істеп келе жатқан қызметкерлер жұмыссыз қалдық деп ашулы. Оның үстіне, қазірдің өзінде периналдық орталықта адам лық толған екен. Соның кесірінен бір бөлмеде бірден екі әйелді бірдей босандыруға тура келіп жатқанын айтады.

«Өңірде өткен жылдармен салыстырғанда бала тууы төмендеп кетті дейді. Бұл сылтау. Жыл сайын демографиямыз көтеріліп келеді дегені қайда сонда? Ал перзентхана 2 мамырда жабылатын болса, біз әлі жұмыс тапқан жоқпыз»,-дейді перзентхана меңгерушісі Елена Калюжная.

Басшылар қалалық перзентхана экономикалық жағынан тиімсіздіктен жабылды дейді. Ондағы мамандардың сексен пайызына жұмыс тауып береміз деген бас дәрігер, қалған қызметкерлердің қайда баратынын дөп басып айта алмады.

«Соңғы үш жылда демографиялық көрсеткіш төмендеп келеді. Жылына 1200 әйел босанса, күніне 3-4 бала туады. Яғни қалған уақытта жұмыс жоқ, бос отырады»,-деп түсіндірді № 3 қалалық аурухананың бас дәрігері Ердан Әбуғалиев.

Демографиялық ахуал жақсарған жағдайда босану бөлімшесін қайта ашу мәселесі туындайды дейді ата-аналар. Сондықтан перзентхананың еш мінсіз, сапалы қызмет істеп жүргенін ескеріп, оны жаппауын талап етеді.

Оқи отырыңыз:

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Ақтаулық таксист көлігінде ән айтып жолаушылардың көңілін көтеріп жүр (видео)

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Талқылау