Паралимпиаданың екі дүркін чемпионының мемлекеттен қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Парижде өткен паралимпиадада алтын медаль жеңіп алып, паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяровтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/paraatletascub
4 қыркүйекте пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан Давид Дегтяров алтын медельді қанжығасына байлады. Отандық спортшы зілтемірді 3 рет көтерді. Оның ішіндегі ең жақсы көрсеткіш – 188 келі болды.
Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 250 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Париждегі ойындарында қатарластарын шаң қаптырған Давид Дегтяров екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.
Еске салайық, Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пауэрлифтингтен чемпион атанған еді. Паралимпиада басталғалы Қазақстан қоржынына 3 медаль түсті. Алғашқы күміс жүлдені Еркін Ғаббасов нысана көздеуден жеңіп алса, Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанды.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"