Паралимпиада ойындарында қазақстандық Давид Дегтярев пауэрлифтингтен чемпион атанды
Париждегі Паралимпиада ойындарында Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті
Дегтярев – Қазақстан тарихындағы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Қазақстандық параспортшылар елімізге үшінші жүлдені әкелді.
Спортшы 54 келіге дейінгі салмақта бақ сынасты. Паралимпиада ойындарында бұл салмақ бойынша 10 спортшы қатысты. Дегтярев финалда үздік нәтиже көрсетті. Ол 188 келі штанганы көтерді. Кубалық Пабло Рамирес Барриентос (185 келі) күміс, қытайлық Ян Цзинлан (179) қола жүлдені жеңіп алды.
Давид Дегтярев – 28 жаста, Ақмола облысы Атбасар қаласының тумасы, 2017 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Ол екі паралимпиада жеңісінен бөлек, Азия ойындарының чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

