Тоқаев Паралимпиададан чемпион атанған Давид Дегтяревті құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионын желіде құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол Дегтяревке ыстық лебізін жеткізді.
“Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді”, – деп жазды мемлекет басшысы.
Паралимпиададан Қазақстанның еншісінде үш жүлде бар.
Алғашқы күміс жүлдені Еркін Ғаббасов нысана көздеуден жеңіп алса, Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанды. Ал Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"