Париж Паралимпиада ойындары: Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды
Париждегі паралимпиада кезінде отандасымыз Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/olympickz
Спортшы ядроны 16 метрге лақтырды. Бұл Азияның жаңа рекордтық көрсеткіші.
Алтын медаль жеңіп алған Свиридов Владимир 17.18 метр және күміс жүлдегер Кокоити Алан 16,27 метр көрсеткішпен, бейтарап тудың астында өнер көрсетті.
- Париж Паралимпиада ойындары: Бүгін жарыс алаңына үш спортшымыз шығады
Айта кетейік, Паралимпиада басталғалы Қазақстан қоржынына 3 медаль түсті. Алғашқы күміс жүлдені Еркін Ғаббасов нысана көздеуден жеңіп алса, Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

