Отбасында туған күнді тойламайды: Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Бүгін, 17 мамырда, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды.

Тоқаев

"Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді", - дейді президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Айтуынша, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасаған. Сондай-ақ, Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды екен.

"Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған", - деді Уәли.



Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1970 жылы ол оңтүстік астанадағы №25 орта мектепті бітірді, содан кейін Қазақстанның болашақ президенті Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түсті.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекші референт ретінде бастаған. 1992 жылы Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірді. 1993 жылдан 1994 жылға дейін - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Осыдан кейін 5 жыл ішінде ол өзі еліміздің сыртқы саясат бөлімін басқарды.

1999 жылы республика премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарды. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің мемлекеттік жауапты хатшысы болды.

2003-2007 жылдары ол қайтадан Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігін басқарды.

2007-2011 жылдары депутат болды, сенат төрағасы болған. 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының спикері болып сайланды. Ол бұл қызметті 6 жылға жуық атқарды.

2019 жылдың 20 наурызында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кету туралы шешім қабылдағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды. Өткен жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. 12 маусымда ұлықтау рәсімі өтті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр