Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтамасын баспана сатып алу үшін қолдануға рұқсат бермек: Тоқаев берген тапсырмасын еске салды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын тұрғын үй мәселесін шешу үшін пайдалана алатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкімет жыл соңына дейін Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ жұмысын негізге ала отырып, "Отбасы банк" атты халықты қолдау және әлеуметтік даму институтын құру қажет. Бұл ұйымның басты міндеті азаматтарды тіркеп, оларға үй үйлестіру жұмыстары болуы қажет.
Осы саладағы жүйелік өзгеріс - енді тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін қазақстандықтар өздерінің зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін пайдалана алады.
Мен бұған дейін осындай тапсырма берген болатынмын, алайда ТЖ режиміне байланысты мәселені талқылау ұзаққа созылып кетті. Бір шешімге келуіміз керек. Үкімет 1 шілдеге кейін осы жағдайды қарастырып бітуі қажет", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген