Тоқаев: Егер азамат 250 мың теңге жалақы алса, ол 10%-дық салық төлемеуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен мемлекеттік комиссияның отырсында сөз сөйлеген болатынмын. Менің жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы ұсынысыма келетін болсақ, бұл үкіметке берілген тапсырма . Өз басым бұл мәселені ақыр аяғында шешуіміз керек деп ойлаймын. Яғни халықтың арасында әділеттілік орнауы керек. Үдемелі өлшемнің мәні мынада: табысы аз адамдар, сәйкесінше азырақ салық төлеулері керек. Ал қазіргі кезде арамыздағы бай деп саналатын адамдар, көбірек салық төлеуі тиіс", - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы бұл шарт бірқатар елдерде бар екенін алға тартты.

"Мысалы 250-300 мың көлемінде табыс табатындар 10 пайыздық мөлшерлемедегі салық емес, 7 пайыздық мөлшерлемедегі салық төлей алады. Мұны үкіметтік комиссия шешеді. Орта тап өкілдері бұрынғыдай 10%-дық мөлшерлемедегі салық төлей береді. 10 пайыздық мөлшерлеме бірақатар азаматтарға қатысты дүние. Шартты түрде айтатын болсақ, 300 мың теңгеден екі миллионға дейін табыс табатын 10 пайыздан көп салық төлеулері керек деп ойлаймын. Мүмкін бұл 13 не 15 пайыз болатын шығар, бірақ 15 пайыз мөлшерлемеден аспайды", - деп қосты ол. 

Президент жеке табыс салығы 15 пайыздан аспауы керектігін басып айтты. 

"Бұл тапсырма үкіметке берілгендіктен біз ұжымдасып шешеміз. Міндетті түрде депутаттар, сарапшылар, мамандардың пікірі ескеріледі. Содан кейін барып айтылған дүние қажет не қажет еместігін анықтайтын боламыз", - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жалақысы төмен азаматтар салықты азырақ төлейтіні жайлы айтқан болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр