Журналист Вадим Борейкоға қатысты сот үкімі шықты
Бүгін сот журналист Вадим Борейко мен құрылыс компаниясына қатысты іс бойынша сот шешімін жариялады. Сот шешіміміен журналиске 43 млн теңге төлеу міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Іскерлік беделді қорғау және жалған ақпарат таратудан келтірілген залалды өндіріп алу туралы талап арызды Алматы қаласының Бостандық аудандық соты қарады.
Соттың мәліметінше, Вадим Борейко өзінің "Гиперборей" YouTube-арнасында және Instagram парақшасында тұрғын үй кешенін салудың заңсыздығы туралы жазбалар мен бейнероликтер жасаған. Журналист сондай-ақ құрылыс салатын компанияда қажетті рұқсат құжаттары болмағанын хабарлаған еді. Сотта Вадим Борейко таратқан ақпараттардың шындыққа жанаспайтыны анықталды.
“Б.-ға сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өз есебінен аталған интернет-ресурстарда теріске шығару жариялау, сондай-ақ даулы жарияланымдар мен бейнематериалдардың үзінділерін жою міндеті жүктелді. "Т" ЖШС-нің пайдасына Б.-дан 43 млн теңгеден астам залал, сондай-ақ сот шығындары өндірілді”, – деп жазды Бостандық ауданының соты.
Сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өз есебінен аталған интернет-ресурстарда теріске шығару жариялау, сондай-ақ даулы жарияланымдар мен бейнематериалдардың үзінділерін жою міндеті жүктелді.
Еске сала кетейік, Алматыда “Орда” ақпараттық порталының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
