Тоқаев: Жалақысы төмен азаматтар салықты азырақ төлейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев прогрессивті салық салу шкаласын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның пікірінше, бұл "әлеуметтік әділеттілік" үшін қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

"Прогрессивті шкаланың мәні - жалақысы төмен азаматтар салықты бүгінгі күнге қарағанда, азырақ төлейді, ал жалақысы жоғары жұмысшылар үшін салық мөлшері артады", - деді президент.

Ол белгілеген мақсат-  жалақы сегментін "көлеңкеден" шығару. Егер ставка төмендетілсе, конвертке жалақы салып төлеу аз болады.

Президент сондай-ақ азаматтардың қарыздық жүктемесінің ұлғаюына жол бермеу үшін тұтынушылық несиелеу нарығының жәй-күйін бақылауды жалғастыруды тапсырды.

"Қаржы нарығын реттеуші орган проблемалы несиелері бар қарыз алушыларды қалпына келтіруді қарастыруы керек.

Сондай-ақ, қарыз алушыға және өнім түріне байланысты несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеу тәсілдерін қайта қарау керек", - деді Тоқаев.

Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін банктік емес несиелік ұйымдарға бақылау күшейтіліп, келесі жылдан бастап микроқаржыландыру қызметін лицензиялау енгізілетін болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр