Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы діни банк: Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстандағы лицензиясын алды

Ислам банк
Фото: winhorse

Қазақстанда алғашқы діни банк өзінің лицензиясын алды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова лицензияны қаржыгерлер конгресі алаңында өткен салтанатты рәсім барысында табыс етті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Лицензия иесі клиенттерге дәстүрлі банк өнімдерін де, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін қаржы құралдарын да ұсына алатын республикадағы алғашқы әмбебап банк болды. Бұған дейін Мәдина Әбілқасымова банкті ашу процесі екі кезеңнен тұратынын хабарлаған болатын. Наурызда ҚНРДА компанияға "Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan) " АҚ ашуға рұқсат берді. Мемлекеттік тіркеу 20 сәуірде жүргізілді.

“Банк лицензияларын беру шетелдік қатысумен жаңа банк құру рәсімін аяқтайды және оған Қазақстан Республикасында банк қызметін жүзеге асыру құқығын береді”, – деп жазды агенттік.

Банк жайлы не белгілі?

Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) - активтері бойынша БАӘ-дегі үшінші ірі банк. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша олар 242,3 млрд долларды, меншікті капитал 24,8 млрд долларды, тоғыз айдағы таза пайда 2,8 млрд долларды құрады.

Банк S&P Global Ratings және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінен "тұрақты" болжаммен A+ инвестициялық деңгейіндегі ұзақ мерзімді несиелік рейтингтерге ие. ADCB акцияларының бақылау пакеті (60,77%) Mubadala Investment Company мемлекеттік инвестициялық компаниясы арқылы Абу-Даби үкіметіне тиесілі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жарғылық капиталы 12 миллион доллар болатын Tansar Islamic Bank атты жаңа ислам банкі тіркелді. Оның директорлар кеңесінің құрамына Ұлттық банктің бұрынғы төрағасының орынбасары Есжан Біртанов кірді. Банк шариғат қағидаларына сай қаржылық қызметтер ұсынуды жоспарлап отыр.

Ислам Әден
Жұма, 13 Қараша, 2026 17:25