Ақтаудағы жарылыстан газ баллоны снаряд сияқты ұшып кеткен (видео)
Ақтауда көліктегі газ баллоны жарылып, жанып жатқан баллон жол үстімен бірнеше метрге ұшып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтауда көліктегі газ баллоны жарылып, оның біршама қашыққа ұшып кеткен сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға 27-шағынауданда болған.
Видеода жанып жатқан газ баллонының жол үстімен ұшып бара жатқаны көрінеді. Сол маңнан өтіп бара жатқан әйел баллонды байқап, дереу шетке қарай бұрылған. Абырой болғанда, баллон жерге құлаған кезде маңайда ешкім болмаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс өрт сөндірушілер жеткенге дейін болған.Ведомство өкілдері газ баллоны жарылған кезде оның едәуір қашықтыққа ұшып кетуі мүмкін екенін растаған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 40-50 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан 350 мыңға жуық тұрмыстық газ баллоны қауіпті деп танылды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов оларды шұғыл ауыстыру қажеттігін айтып, ескі пештер мен тазаланбаған мұржалар да өрт қаупін арттыратынын ескертті. Өткен жылыту маусымында газ баллондарының жарылуына байланысты жеті оқиға тіркелген. Осыған байланысты жауапты министрліктерге газ баллондарын жаңарту, жарамсыздарын айналымнан шығару және өрттің алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма