AlinEX "Bonus-Home 2026" ауқымды науқанының жеңімпазын анықтады
10 қараша күні Алматы қаласында AlinEX бренді жүлде қоры 100 миллион теңгені құрайтын "BONUS HOME 2026" науқанын ресми түрде қорытындылады.
Науқанның басты жүлдесі – "Монолит" құрылыс компаниясынан Алматы қаласындағы пәтер болды.
Науқан барысында қатысушылар өнімнің арнайы науқанға арналған қаптамаларындағы стикерлерді жинау арқылы кепілдендірілген ақшалай сыйлықтарға ие бола алды. Жиналған стикерлер санына қарай 2 000, 5 000, 13 000 немесе 27 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Осылайша, науқан қатысушыларға кепілдендірілген ақшалай сыйлық алу мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, Алматы қаласынан жеке пәтер ұтып алу мүмкіндігіне де жол ашты.
Науқан Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әрлеу саласының жүздеген кәсіби маманын біріктірді. Ұтыс қорытындысы бойынша басты жүлде — пәтердің иесі Семей қаласының тұрғыны Қанат Ахметов атанды.
“Біз әрбір қатысушыға сенімі, белсенділігі және AlinEX өнімдерін таңдағаны үшін алғысымызды білдіреміз! Еуразия нарығында 30 жылдық тарихы бар AlinEX кәсіби мамандарды қолдап, тұтынушыларына жаңа мүмкіндіктер сыйлауды жалғастырады. Өйткені біздің әрбір өніміміздің негізінде уақыт сынынан өткен сапа ғана емес, адамдардың өмірін жақсартуға деген ұмтылыс жатыр”, – дейді AlinEX компаниясы.

AlinEX – тек нағыз кәсіпқойларға арналған. Уақытпен тексерілген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма