Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BCC Insurance рейтингін BB+ деңгейіне көтерді

BCC Insurance халықаралық S&P Global Ratings агенттігінің бағалауынша, рейтингін BB+ деңгейіне дейін көтеріп, болжамын тұрақты деңгейде сақтады.

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі BCC Insurance компаниясының рейтингін BB+ деңгейіне дейін көтеріп, болжамды Stable (тұрақты) деп белгіледі.

Компания өкілдерінің айтуынша, рейтингтің көтерілуіне капиталды нығайту, бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және қызмет бағыттарын жүйелі түрде әртараптандыру бойынша атқарылған жұмыстар негіз болған.

"Бұл нәтиженің артында капиталды нығайту, операциялық тиімділікті арттыру және бизнесті жүйелі түрде әртараптандыру бағытындағы ауқымды жұмыс жатыр. Бұл жай ғана рейтингтің өзгеруі емес, атқарылған жұмыстың және компанияның қаржылық негізінің нығайғанының көрінісі", – деп атап өтті BCC Insurance.

Компанияның мәліметінше, рейтингтің BB+ деңгейіне көтерілуі клиенттер мен серіктестер үшін де маңызды көрсеткіш.

"Біз тиімділікті арттыруды, бизнес-процестерді жетілдіруді және компанияның әлеуетін кеңейтуді жалғастырып келеміз. Алдағы уақытта да жаңа мақсаттарға сенімді қадам басып, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға басымдық береміз", – дейді компания.
Айым Атамбаева
Жұма, 13 Қараша, 2026 12:22