Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы инвестициядан ұзақ мерзімді серіктестікке: "Филип Моррис Қазақстанның" ел экономикасына қандай үлес қосты

филипп моррис29 қазанда Алматы облысының Іле ауданында Кәсіпкерлер күніне арналған іс-шарада "Филип Моррис Қазақстан" "Бюджеттің сенімді тірегі" атағына ие болды.

Кейінгі деректер бойынша 2026 жылғы қыркүйек айында Алматы облысының ең ірі он кәсіпорны бюджетке 395,34 миллиард теңге аударған, оның 40%-дан астамы "Филип Моррис Казахстан" үлесіне тиесілі. Компания салық аударымдарының көлемі бойынша бірінші орынға шықты: 163,04 миллиар теңге.

Компанияның Қазақстандағы тарихы 1993 жылдан басталады. Сол жылы "Филип Моррис Интернэшнл" Қазақстан нарығына шығып, №001 шетелдік инвестор лицензиясын алған. Содан бері өндірісті дамытуға 288 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Ал мемлекет бюджетіне салықтар мен міндетті төлемдер түрінде 1,6 трлн теңгеден астам қаражат аударылған. Соңғы айларда компанияның еңбегі екінші рет жоғары бағаланды: 2026 жылдың маусымында "Филип Моррис Қазақстан" көпжылдық инвестициялық қызметі, өндірісті дамытуға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президентінің Алғыс хатын алған.

Ұзақ мерзімді серіктестік қолданыстағы өндірісті сақтаумен ғана шектелмейді, жаңа инвестицияларды да қамтиды. Соңғы жылдардағы маңызды жобалардың бірі – Іле ауданындағы "Филип Моррис Қазақстан" фабрикасын жаңғырту. 2025 жылы мұнда түтінсіз өнім өндіретін жаңа желілер іске қосылды. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 90 миллиард доллар. Сонымен қатар жоба аясында қазақстандық мамандарға, әсіресе техникалық және инженерлік бағыттағы кадрларға арналған 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша, Қазақстандағы фабрика компанияның әлем бойынша түтінсіз өнім шығаратын сегіз өндірістік алаңының біріне айналды.

"Мәселе тек жұмыс орындарының санында ғана емес, ең алдымен олардың сапасында. Бұл – өндірістік өңірде ашылып жатқан жоғары технологиялық әрі білікті мамандықтар. Бұл қазақстандықтар үшін мансап жолындағы жаңа мүмкіндіктер, жаңа дағдыларды меңгеру және ұзақ мерзімді перспективалар", – дейді Филип Морристің Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Омар Абделлатиф.

Заманауи өндіріске салынатын инвестиция адам капиталын дамытумен тығыз байланысты. Компания қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіруге, басқарушылық дағдыларын дамытуға және халықаралық тәжірибе алмасуға басымдық береді. Жаңа өндіріс желілерінде жұмыс істейтін мамандарды оқыту жұмыстары желілер іске қосылғанға дейін басталады. Инженерлік-техникалық персоналды даярлау бірнеше айға созылуы мүмкін.

"Біздің ел экономикасына қосатын үлесіміз салық төлеумен шектелмейді. Біз адам капиталын дамытуға да белсенді инвестиция саламыз. Қазақстан – әлеуеті зор жас мемлекет. Сондықтан осы әлеуетті толық ашуға мүмкіндік жасау біз үшін маңызды. Қызметкерлерімізге халықаралық тәжірибе жинақтауға, соның ішінде компанияның Швейцария, Германия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құрылымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береміз. Бұл – екіжақты тәжірибе алмасу. Мамандар Қазақстанға жаңа құзыреттерді дамытуға қажетті бірегей тәжірибемен оралады", – дейді Омар Абделлатиф.

Іс жүзінде бұл бағыт оқыту және кәсіби даму бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Қызметкерлер халықаралық сарапшылардың қатысуымен тағылымдамадан және тренингтерден өтіп, озық тәжірибені меңгереді, біліктілігін арттырады. Бұл жұмыстың сапасын компанияның тоғыз жыл қатарынан алып келе жатқан Top Employer мәртебесі де растайды.

Кадр саясатының тағы бір маңызды бағыты – ерлер мен әйелдердің кәсіби дамуына тең мүмкіндік жасау. "Филип Моррис Қазақстан" елімізде халықаралық EQUAL-SALARY сертификаттауынан өткен алғашқы компания болды. Сертификат еңбекақы төлеуде халықаралық теңдік стандарттарының сақталатынын растайды. Биыл көктемде компания аталған сертификатты қайта иеленді. Ол 2028 жылдың ортасына дейін жарамды болады. Тең мүмкіндік қағидаты компания басшылығының құрамынан да көрініс тапқан. Компанияның мәліметінше, бүгінде Қазақстандағы "Филип Моррис Қазақстан" басқарушы командасының шамамен жартысын әйелдер.

"Филип Моррис Қазақстан" компаниясы қызметкерлердің жынысына, лауазымына немесе қай бөлімде жұмыс істейтініне қарамастан, барлығына тең мүмкіндік пен ашық еңбек жағдайын қамтамасыз ету қағидатын ұстанады. EQUAL-SALARY сертификаты еңбекақы төлеу деректерін талдау, HR-процестерге аудит жүргізу және қызметкерлер арасында сауалнама өткізу сияқты кешенді бағалау нәтижесінде беріледі. Сертификаттың қайта алынуы бұл қағидаттардың компанияда іс жүзінде жүзеге асырылып жатқанын растайды", – дейді "Филип Моррис Қазақстан" персоналды басқару жөніндегі директоры Мадина Анаятова.

Өндірісті дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және адам капиталына инвестиция салу – "Филип Моррис Қазақстанның" елдегі ұзақ мерзімді әрі тұрақты стратегиясының негізгі бағыттары. Қазақстанда отыз жылдан астам уақыт жұмыс істеген компания алдағы өсімге негіз қалап, осы бағыттағы жұмысын жалғастыруды көздеп отыр.

Айым Атамбаева
Жұма, 13 Қараша, 2026 13:10