Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы алматылық тұрғын бірден 29 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр

несие
Фото: magnific.com

28 жастағы Тараз тұрғыны трейдингке инвестиция салу арқылы мол пайда табуға болатынына сеніп, банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестормын деп таныстырған адамға аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алаяққа сеніп қалған Тараз тұрғыны банк несиесін рәсімдеп , өзін инвестор ретінде таныстырған тұлғаға 1,9 млн теңге аударған . Алайда күткен пайдасын ала алмады. Оның орнына салынған қаражатты қайтаруда қиындықтар туындады.

Әйелге 24 жастағы Алматы қаласының тұрғыны инвестиция туралы ұсыныс жасаған. Алайда жәбірленуші уәде етілген пайданы ала алмаған. Керісінше, салған ақшасын қайтару кезінде қиындықтарға тап болған. Оған инвестициядан 50% пайда табатыны айтылған. Осылайша, келтірілген материалдық шығын көлемі 1,9 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен. Ал күдікті Ақтөбе қаласында ұсталған. Ол алаяқтық деректері бойынша 29 істі тергеу кезінде ұсталған. Департамент қазіргі уақытта оның басқа да қылмысқа қатысы бар немесе жоғын тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, жасанды интеллектіні пайдаланған алаяқтар енді азаматтардың фотосы арқылы жалған бейне жасап, банктердің биометриялық тексеруінен өтіп жүр. Соның салдарынан адамдардың атынан рұқсатсыз есепшот ашылып, ірі көлемде несие рәсімделіп жатыр.

Ислам Әден
Жұма, 13 Қараша, 2026 13:00