Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

729 қазақстандық әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартты

отбасы
Фото: pixabay.com

Қазақстанда әлеуметтік төлемнен бас тарту сервисі қосылған еді. Бүгінге дейін сервис арқылы ол төлемнен 729 адам бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2027 жылдан бастап мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі өзгереді. Кейбір әлеуметтік төлемдер мұқтаждық қағидаты бойынша, яғни отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау негізінде тағайындалады. Ал “ерікті түрде әлеуемттік төлемнен бас тарту” сервисі арқылы 729 адам бас тартты.

"729 адам алатын әлеуметтік төлемдерінен ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл қадам әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы ынтымақтастық қағидаттарын көрсетеді. Яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартады", – деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлік егер әлеуметтік төлемге мұқтаж болып қалған жағдайда тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш беруге құқылы екенін және ол заң аясында қаралатынын айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап жәрдемақы төлеудің жаңартылған ережелері бойынша пилоттық жобаны іске қосады.Пилоттық жоба әлеуметтік төлемдердің 36 түрінің 12-сін қамтиды. Дәлірек айтсақ, министрлік жүргізген бағалау қорытындысы бойынша материалдық жағдайы жоғары және ауқатты деп танылған екі санаттағы отбасыларға қатысты болады. 

 

Ислам Әден
Жұма, 13 Қараша, 2026 14:34