Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда экологияға байланысты көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

көмір
Фото: ECO Almaty

Алматыда 2027 жылдан бастап LEZ аймақтарында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл қаланың экологиясына тікелей қатысы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2026 жылдың соңына қарай қалалық көмір базаларына теміржол арқылы көмір жеткізуді тоқтату жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Сол отырыста көмір базаларын көшіру жөнінде бұрын тапсырма берілгеніне қарамастан, кейбір нысандарда отынды түсіру және сату жұмыстары әлі де жалғасып жатқаны анықталды.

“Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта көмір базаларында шамамен 24 мың тонна көмір бар. Оның 22,8 мың тоннасы немесе 95%-ы кірпіш зауыттарына арналған ұсақ фракциялы көмір. Қолданыстағы алаңдарды жалға алу шарттарын бұзу жұмыстарын 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған”, – деп жазылған ведмоствода.

"Eco Almaty" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, газға көшіру жұмыстары қамтыған 2 395 нысанның 1 879-ы газға қосылған. Қалған 516 нысан әлі де қатты отын пайдаланып отыр. Сөздерінше, оларды газға кезең-кезеңімен жабдықтау қажет.

Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны көршілес аумақтағы мұржадан қою қара түтін шығып жатқанына шағымданды. Алайда оған түтін құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау үшін зертханалық сараптаманы өзі жасатып, нәтижесін ұсыну қажеттігі айтылған. Бұл талап тұрғынның наразылығын тудырды.

Ислам Әден
Жұма, 13 Қараша, 2026 16:17