Әлемдік инфляция: Қазақстанда "Болашақ" стипендиясы көтерілуі мүмкін
Америкада қазақстандық студенттерді оқытатын “Болашақ” бойынша шәкіртақы бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта “Болашақ” бойынша шетелде білім алып жатқан студенттердің шәкіртақысы айына 2 мың доллар. Ол теңгемен шаққанда шамамен 900 мың теңге. Ал үлкен мегаполистерде дәлірек айтқанда Лондон мен Нью-Йорк қаласында оқитындар 200 доллардан көбірек алады.
Алайда министр Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелде бұндай шәкіртақыға өмір сүру қиындап бара жатыр, өйткені инфляция қазіргі уақытта барлық әлемде жүрпі жатыр.

“Қазір соңғы 13-15 жылдағы бағаның өсуін ескерсек, әрине жеткіліксіз. Біз барлығын есептеп шығардық және қазір Deloitte және KPMG компанияларымен бірлесіп зерттеу жүргізілді. Біз бұл мәселені республикалық комиссияның қарауына шығарамыз, жыл соңына дейін енгізуге тырысамыз. Шешімнің қандай болатынын әлі білмейміз Сараланған тәсіл қолданылуы мүмкін. Өйткені тұтыну себетінің құны әр елде әртүрлі өсіп жатыр. Мысалы, Еуропада бір деңгейде болса, АҚШ пен Канадада басқа, ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде мүлде өзгеше. Сондықтан өңірлік коэффициенттерге негізделген сараланған тәсіл қарастырылады”, – деді Білім және Ғылым министрі Саясат Нұрбек.
Еске сала кетейік, 34 жастағы ақтөбелік Азат Қаймолдиев бүгінде Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде докторантурада оқиды. Оның жұбайы Асылай да Эксетер университетінде ғылыми зерттеу жүргізіп жүр. Ерлі-зайыпты тоғыз, алты, төрт және бір жасар төрт қыз тәрбиелеп отыр. Шетелде туыстарының көмегінсіз бала тәрбиелеп, оқу мен жұмысты қатар алып жүрген Азат Қаймолдиев Stan.kz тілшісіне отбасылық өмірі, кездескен қиындықтары, бала тәрбиесі және елге оралу жоспары туралы айтып берді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма