Сирек кездесетін оқиға: Таразда бір күнде төрт егіз жұп дүниеге келді
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында ерекше оқиға тіркелді. Бір күнде төрт ана егіз босанып, сегіз сәби өмірге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі төрт отбасына бір мезетте қос қуаныш сыйлаған бұл жағдай медицина ұжымы үшін де есте қаларлық сәт болғанын атап өтті.
“Ана мен баланың амандығын қамтамасыз ету жолында акушер-гинекологтер, неонатологтер, акушерлер, анестезиолог-реаниматологтер мен мейіргерлер жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытты”, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, төрт егіз жұптың бір күнде дүниеге келуі – сирек кездесетін ерекше оқиға.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында қазақстандық әйел төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанғаны туралы жазған едік. Артынша облыс әкімдігі отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады