Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: Абақтының бұрынғы 12 қызметкері сотталды
Ақмола облысының Атбасар аудандық соты Атбасар түрмесінде сотталғандарға қатыгездік көрсетті айыпталған 12 қызметкерге қатысты үкім шығарды. Олардың арасында қоғам белсенді Тимур Данебаевқа күш қолдану дерегі де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның мәліметінше, сот айыптау бабын өзгертіп, 12 сотталушының барлығын қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі, "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп таныған.
Сот айыпталушылардың әрқайсысына екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда рақымшылыққа байланысты олардың түпкілікті жазасы өзгерген.
Атап айтқанда, бұрынғы тоғыз қызметкердің жазасы бір жылға дейін қысқартылып, оларға пробациялық бақылау белгіленді. Ал қалған үшеуі тергеу мен сот процесі кезінде қамауда болған уақытын есепке алу нәтижесінде жазасын өтеуден босатылды.
Сонымен қатар сотталғандардың барлығы арнайы әскери атақтарынан айырылып, құқық қорғау органдарында үш жыл бойы жұмыс істеу құқығынан шеттетілді.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын да ішінара қанағаттандырды. Үш адамға моральдық зиян үшін 1,5 миллион теңгеден, ал қалған 17 жәбірленушіге 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін өтемақы төлеу міндеттелді. Өтемақы сотталғандардан ортақ тәртіппен өндірілмек.

Оқиға қалай болған?
2024 жылдың шілдесінде әлеуметтік желіде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны ұрып-соғады. Жәбірленушілердің арасында азаматтық белсенді Тимур Данебаев та болған.
2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың ақпанына дейін созылған сот процесінің соңында алқабилер соты 12 күдіктіне де ақтау туралы шешім шығарды. Алайда прокурор сот үкіміне шағым түсіріп, жоғарғы сот процессуалдық заңбұзушылықтарға байланысты үкімнің күшін жойған еді.
Жаңадан жасақталған алқабилер құрамы да айыпталушыларды кінәсіз деп таныды. Сот үкімімен абақтының 12 қызметкері тағы да ақталды.
2026 жылдың наурыз айында абақты қызметкерлерін ақтау туралы үкімнің тағы күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма