Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы франциялық  "Charlie Hebdo" журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін карикатураға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы діни басқарманың ресми сайтында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пайғамбар "Соңғы кездері әлемде сөз еркіндігі мен демократия астарында жекелеген этностарды немесе конфессияларды балағаттау, кемсіту, арандату жиі көрініс таба бастады. Әрине, мұндай жағдай көпшілік елдерді, халықтарды және түрлі дін өкілдерін қатты алаңдатады. Бұл бір жақтан, радикалдық көзқарас пен лаңкестікті, екінші жақтан, конфессияаралық өшпенділік пен араздықты тудыруда", - делінген ҚМДБ хабарламасында. .

Францияның "Charlie Hebdo" журналындағы Мұхаммед пайғамбардың келемеж суретін салуы мен "кейбір билік өкілдерінің айтқан қисынсыз пікірі әлемдегі барлық мұсылмандардың ашу-ызасына себеп болғанын" айтады ҚМДБ.



Сондай-ақ төзімсіздік пен өшпенділіктің әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңнамалық себептерінен өзге, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани құндылықтардың құлдырауына, қоғамның тұтастығы мен мәдениетаралық қатынастың бұзылуына алып баратыны сөзсіз екенін атап өтті. 

"Әйтсе де, шынайы мұсылман өзінің пайғамбарына болған сүйіспеншілігін, оның нағыз үмбеті екенін сенімі мен ізгі істері, әдептілігі мен көркем мінезі арқылы көрсетеді. Сонымен қатар, мұсылмандар өз діні мен пайғамбарын қорлауға жол бермейді", - дейді ҚМДБ.

ҚМДБ өкілдері пайғамбарға иман келтірумен қатар оны қорғау да мұсылманның міндеті болып табыладытынын қадап айтты. 

"Осы жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің келіспеушілігін білдіреді және мұсылмандарды түрлі арандатушылық әрекеттерге берілмей, барлық амалдардың шариғат әрі заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін жеткізеді. Еліміздегі дін өкілдері мен қарапайым халықтың кейбір саяси күштер мен түрлі радикалдық топтардың құрбаны болып кетпеуін қалайды", - дейді ҚМДБ өкілдері.

Сондай-ақ, Ислам діні басқа діндерге, көсемдері мен ғибадатханаларына құрметпен қарауға бұйырады, кез келген дінді кемсітуге, олардың діни рәміздерін бұзуға тыйым салатынын кесіп айтты. 

Еске салсақ, Францияда дәрісінде Мұхаммедтің карикатураларын көрсеткен тарих пәні мұғалімінің басын 18 жастағы шешен жігіт кесіп алды. Осы жағдайға байланысты Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы Франциядағы мэрия қабырғасында көрсетілгенін жазған едік. 

Талқылау