Дастан Сәтбаев "Челсиге" ауысар алдында Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды

Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың трансферлік бағасы тағы да қымбаттады. Transfermarkt порталының жаңартылған мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 3,5 миллион еуроға жетіп, Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы мәртебесін сақтап қалды.
Transfermarkt порталы Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын жаңартты. Жаңа бағалауға сәйкес, Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың құны 500 мың еуроға өсіп, 3,5 миллион еуроны (шамамен 1 миллиард 941 миллион теңге) болды.
Жасына қарамастан, Сәтбаев қазақстандық футболдағы бірқатар жетістікке қол жеткізді. Ол "Қайрат" сапында 2025 жылы Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Forbes-тің "30 жасқа дейінгі 30 көшбасшы" тізіміне енді және "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
Футболшының ең ірі жетістіктерінің бірі – Лондонның "Челси" клубына 4,3 миллион еуроға (шамамен 2 миллиард 385 миллион теңге) ауысуы болды. Бұл Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер саналады.
Сәтбаев сондай-ақ "Қайрат" пен Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант және ең жас гол авторы атанды. Бұдан бөлек, Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас үш футболшының қатарына еніп, турнирдің негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа жазылды.
17 маусымда ол Қазақстан Премьер-лигасындағы қоштасу матчын өткізді. "Қызылжарға" қарсы кейінге шегерілген ойында "Қайрат" 3:0 есебімен жеңіске жетсе, Сәтбаев екі гол соғып, жанкүйерлерімен әсерлі қоштасты. Маусым айының соңында жас шабуылшы "Челси" клубының орналасқан жеріне аттанады.
Еске салайық, бұған дейін Forbes журналы Криштиану Роналдуды әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы деп таныған еді. Басылымның мәліметінше, португалиялық футболшының жылдық табысы 300 миллион долларға жетіп, ол бұл көрсеткіш бойынша қатарынан төртінші жыл көш бастап келеді. Әлем чемпионаты алдында Мбаппе Fairmont Hotels & Resorts компаниясымен денсаулыққа бағытталған серіктестікке қол қойды, сондай-ақ Alan сақтандыру компаниясының елшісі және инвесторы болды.
4. Эрлинг Холанд, Норвегия — 80 миллион доллар.
5. Винисиус, Бразилия — 60 миллион доллар.
6. Мохамед Салах, Мысыр — 55 миллион доллар.
7. Садио Мане, Сенегал — 54 миллион доллар.
8. Джуд Беллингем, Ұлыбритания — 44 миллион доллар.
9. Ламин Ямаль, Испания — 43 миллион доллар.
10. Гарри Кейн, Ұлыбритания — 41 миллион доллар.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Оқыңыз