Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы атанды
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аргентина мен Австрия арасындағы J тобындағы екінші тур матчында Лионель Месси әлем чемпионатындағы 17-голын соқты. Осылайша 16 гол соққан Германияның бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозені басып озды.

Бразилияның бұрынғы шабуылшысы Роналду 15 голмен үшінші орында. Килиан Мбаппе мен Герд Мюллердің әрқайсысында 14 гол бар.
Матчта Аргентина 1-0 есебімен жеңді. Айта кететін жайт, Месси тоғызыншы минутта австриялық қақпашы Александр Шлагерге қарсы пенальти соға алмады. Пенальти Лаутаро Мартинеске қарсы фол үшін берілді.
ФИФА әлем чемпионатындағы Аргентина-Австрия матчы 22 маусымда Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады