Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла бұл малғұнның жазасын берсін": Хабиб Франция президентіне ашулы түрде жауап берді

Зейнеткерлікке шығатынын жариялаған ресейлік ММА файтері Хабиб Нұрмағомедов Франция президентіне ашулы хабарлама жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының ашулануына Макронның «Франциядағы исламды шетелдік ықпалдан босату» және елдегі мешіттерді қаржыландыруға бақылауды күшейту қажеттілігі туралы мәлімдемесі себеп болды.

Макрон республика карикатура шығарудан бас тартпайтынын да айтты. Франция басшысы Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен тарих мұғалімі Самюэль Патиді өліміне қатысты айтқан  мұндай мәлімдемесі мұсылман әлемінің наразылығын тудырды.

Кезек атақты спортшыларға келді. Спортшы Хабиб Нұрмағомедов өзінің инстаграмында Франция президентіне жазба жариялады.

"Алла Тағала сөз бостандығы ұранымен бір жарым миллиардтан астам мұсылман діндарларының сезімдерін бұзатын осы малғұнның және оның барлық ізбасарларының жүзін құртсын. Хақ Тағала оларды осы өмірде де, келесі өмірде де қорласын. Алла бәрін біледі, оның жазасын көреді. Біз мұсылманбыз, біз өз пайғамбарымыз Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аналарымыздан, әкелерімізден, балаларымыздан, әйелдерімізден, жүрегімізге жақын барлық адамдардан артық жақсы көреміз. Маған сеніңіз, бұл арандатулар оларға жақсылық әкелмейді", - деп жазды Хабиб.

Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл елдің діни карикатурадан бас тартпайтынын және үкіметтік ғимараттарда әзіл-оспақты бейнелердің түсірілуіне жол бергенін айтты. Бұл үшін оны мұсылман қауымы айыптады.

Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Пайғамбардың карикатурасы үшін Макронға шүйлігіп, "өз еліндегі терроризмге шабыт беруші" деп атағанын жазған едік. 

24 қазанда Хабиб Джастин Гэтжиді жеңіп, UFC-дегі жеңіл салмақтағы титулын үшінші рет қорғап, зейнетке шығатынын жариялады. Нұрмағомедов ММА мансабын жеңіліссіз рекордпен аяқтады - 29-0.

 

Талқылау