Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді еңбек кітапшалары онлайн форматқа ауыстырылады

Еңбек кітапшасы қолданыстан шығады
Фото: Жасанды интеллект көмегімен

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қағаз еңбек кітапшаларының қолданыстан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұяқбаевтың айтуынша, қағаз кітапшаны қолдануды тоқтататын уақыт келді. 

"Біз қағаз еңбек кітапшаларынан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазір ескірген формат деп есептейміз. Жасанды интеллект дамыған заманда еңбек кітапшалары да тарихта қалуы керек", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, барлық қажетті деректер қазірдің өзінде цифрландырылған. Ал жұмыс берушілер туралы мәліметтер жүйеде сақталған. Келесі жылдан бастап электронды еңбек шарттарына кезең-кезеңімен көшу басталады.

 "Адам өзімен бірге еңбек кітапшасын алып жүруі немесе оның қайда жоғалғанын ойлап уайымдамауы керек. Ол жүйеде сақталуы тиіс. Жүргізуші куәлігі сияқты және басқа да құжаттар секілді", – деді Тұяқбаев.

Осылайша, 2027 жылға қарай Қазақстанда қағаз еңбек кітапшаларынан толық бас тарту жоспарланып отыр.

Stan.kz
Бейсенбі, 25 Маусым, 2026 14:33