97 жастағы онколог ұзақ өмір сүрудің екі құпиясын айтты
97 жастағы онколог Сильвио Гараттини ұзақ өмір сүруге көмектесетін, өзі де ұстанатын екі кеңесін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Confidencial басылымына сілтеме асап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, ең алдымен, дене белсенділігімен айналысу керек. Мысалы, Гараттинидің өзі күн сайын бес шақырым жаяу жүреді. Ол осы шақырымды жүрек соғысы жиілеп, аздап терлейтіндей жылдамдықпен жүріп өтеді.
Екіншіден, аз мөлшерде тамақтанған жөн. Маманның айтуынша, тамақты шамадан тыс жемей, тойып кетпей тұрып тоқтаған дұрыс.
Сонымен қатар дәрігер калорияны үнемі есептеуге және ұзақ уақыт аш жүруге қарсы екенін айтты.
Гараттини жасы ұлғайған кезде салауатты өмір салтына көшуге кеш болады деген пікірмен де келіспейді. Оның пайымдауынша, еш әрекет жасамай отыра бергенше, осы екі кеңесті ұстанған әлдеқайда пайдалы.
Айта кетейік, бұған дейін 100 жасында студент атанған қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтқан еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
