Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jetour T2 моделінің 8 сатылы автоматты беріліс қорабы бар жаңа Explorer нұсқасы шықты

Jetour T2
Фото: Jetour T2

Қазақстанда Jetour T2 кроссоверінің жаңа Explorer комплектациясы таныстырылды. Мұндағы ең басты өзгеріс – 8 сатылы автоматты беріліс қорабының енгізілуі. Бұл осы модель үшін өте маңызды, себебі T2 бастапқыда саяхат, ұзақ қашықтыққа жүру және overland форматындағы шытырман бағыттарға арналған көлік ретінде жасалған. 

T2 қазірдің өзінде танымал. Бұған әлем бойынша 500 мыңнан астам сатылған автокөлік дәлел. Бұл осы модельдің танымалдығынан бөлек, жүргізушілердің оған деген сенімін де айқын көрсетеді. Мұндай көрсеткіш сұраныстың, сатып алушылардың жоғары бағасының және уақыт сынынан сүрінбей өткен сапаның көрінісі. Jetour T2 үшін бұл жай ғана жоғары сатылым емес, толық жетілген модельдің белгісі. Бұл өзіндік аудиториясы бар айқын, танымал көлік. Оны өте көп қосымша функциялары үшін емес, оның ерекше сипаты мен мүмкіндіктері үшін таңдайды: жоғары клиренс, толық жетек жүйесі, ерекше дизайны және жолсыз жерлермен жүру кезіндегі сенімділігі. 

Explorer жинақтамасында осы мүмкіндіктерді одан әрі толықтыратын маңызды жаңартулар ұсынылған. Көлікте толық өлшемді қосалқы дөңгелек пайда болды. Жүксалғышта 12 В және 220 В қуат көздері бар. Бұл табиғат аясындағы демалыс пен қала сыртындағы саяхаттарда техниканы қуаттауға, түрлі құрылғыларды қосуға және көлікті жай ғана транспорт құралы емес, сапардың сенімді серігі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Jetour T2
Фото: Jetour T2

Жайлылыққа да ерекше көңіл бөлінген. Алдыңғы орында жолаушыға арналған электрлі аяқ тірегі, жүргізуші орындығында массаж функциясы бар. Алдыңғы және артқы қатардағы барлық орынды жылытуға болады, ал алдыңғы жолаушы орындығында баптауларды есте сақтау функциясы қарастырылған. Бұдан бөлек салонда PM2.5 ауа сүзгілеу жүйесі мен ауа ионизаторы орнатылып, отбасының денсаулығына қамқорлық жасауға мүмкіндік береді. Жаңа нұсқаның ең маңызды ерекшелігі осы шығар.

Jetour T2 Explorer өзінің сипаты мен рөлде еркіндік беретін сезімі үшін бағаланатын көлік болып қала береді. Оны дәл осы себепті таңдаған әрбір жүргізуші жүріп өткен әр шақырымнан ерекше әсер мен ұмытылмас эмоция алады.

Jetour T2 Explorer моделіндегі барлық жаңартылған модельдерді бағалау үшін Қазақстан бойынша орналасқан Jetour ресми дилерлік орталықтарына барып, тест-драйвқа жазылыңыз және Jetour Qazaqstan атты үлкен отбасының бір мүшесіне айналыңыз!

Толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан біле аласыз.

Stan.kz
Бейсенбі, 25 Маусым, 2026 12:37