Елімізде енді шетелдіктерге суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынады

Сенат шетелдіктердің суррогат ана қызметін пайдалануына шектеу енгізуді көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті өзгерістерді “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекске енгізу ұсынылып отыр. Түзетуге сәйкес, суррогат ана қызметіне Қазақстан азаматтары және ресми некеде тұрған ерлі-зайыптылар ғана жүгіне алады.
ОқыңызБұл норма “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасына енгізілген.
Қазір қолданыстағы кодексте қажет шарт бала сүйгісі келетін ерлі-зайыпты мен суррогат ананың арасында жасалатыны көрсетілген. Алайда тапсырыс берушілердің міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы туралы талап қарастырылмаған.
Енді бұл норманы өзгерту ұсынылып отыр. Заң жобасына сәйкес, суррогат анамен шарт жасасуға және оған тапсырыс беруге Қазақстан азаматтарына ғана рұқсат беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық жұп суррогат ананы сотқа беріп, жұмсаған ақшаларын өндіріп алғаны туралы жазған едік.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты