Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BilimClass платформасына кибершабуыл жасалды: Балалардың дерегіне не болмақ

bilimclass.kz
Фото: gov.kz/org/almaty-edu

BilimClass платформасы кибершабуыл жасалғанын мәлімдеді. Оқиға 29 қарашажа 01:09-да болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қазіргі біздің басымдығымыз — оқушылар, ата-аналар мен педагогтердің деректерін қорғау. Командамыз қажетті барлық шараны қабылдап, кибершабуылдың платформа жұмысына әсерін анықтау үшін тексеру жүргізуде”, – делінген хабарламада. 

Компания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қосымша ақпарат жариялайтынын жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мұғалімдер BilimClass электрондық жүйесінің жұмысына шағымданды. Олардың айтуынша, платформадан бір тоқсан бойы берілген үй тапсырмалары жоғалып кеткен. Ал кейбір қолданушылар жүйеге мүлде кіре алмай отыр. 

Назархан Уән
Жексенбі, 29 Қараша, 2026 10:03